Тараз қаласының әкімдігіне биылғы жылдың басында Опытный көшесінің тұрғындары осы көше бойында өсіп тұрған тал-дарақтар суарылмайтындықтан қурап, құлап, электр желілеріне зақым келтіретіні, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретіні туралы өтініш бергенбіз. Көп ұзамай өтінішке жауап алдық. Онда: «Сіздің Тараз қаласы әкімінің атына жолдаған өтінішіңіз, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-мен бірлесе жергілікті орнына шығып қарастырылады. Опытный көшесі №23 үйден бастап №41 үй аралығындағы, көше бойындағы тал-ағаштарын кесу мәселесі бойынша комиссиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша 47 түп талдың қураған бұталарын санитарлық кесуге рұқсат берілгенін хабарлаймыз» делінген. Бөлім басшысының орынбасары Қ.Демидбаев қол қойған жауапқа қоса акт көшірмесін де жолдапты. Міне, көктемнің екінші айы сәуір де ортасына келді. Өтініш әлі күнге орындалған жоқ. Сонда кім-кімді алдап жүр?
Барат МЫҢБОСЫНОВ, зейнеткер
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




