Қаламақы хақында
Тиын санап жолына, көлеміне, Қаламақы алмаймын өлеңіме. Жазғандарым жүрекке жетсе болды, Басқа маған байлықтың керегі не?
Өзім қожа қашанда өз бағыма, Ақы алмаймын сондықтан жазғаныма. Маған сол да жетеді, жүректерге, Жылу беріп жырларым маздады ма?!
Ақы алмаймын жазылған жырларыма, Қызықпаймын ешкімнің гүл, малына. Маған сол да жетеді Жырымды оқып, Жылағанның көз жасы құрғады ма?!
Айырбастап алтынға жездерімді, Саудаға сап жүргем жоқ сөздерімді. Одан өткен байлық жоқ, жазғанымнан, Оқырманым сезінсе өзге мұңды.
Тоқсан тарау өмірдің торабында, Одан өткен бақытты табамын ба! Жырым тегін – жұрағат, халқым үшін, Қаламақым – халқымның қабағында.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





