Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Тараздағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» атты кездесу кеші өтті. Шараға Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров, еліміздегі үздік футболшы Нұркен Мазбаев және түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектері қатысты. Кездесу барысында қонақтар мектеп-гимназияның дарынды оқушыларының көрмесін тамашалап, тіпті логика үйірмесінің бірнеше қызықты тапсырмаларын орындады. Бұдан кейін оқушылар белгілі азаматтардың өмірлік тәжірибесі туралы бөліскен дәрістерін тыңдады. Шара мектеп оқушыларының концертімен жалғасты. – Елге белгілі, өз саласында жетістікке жеткен жерлестеріміздің, мектеп түлектерінің оқушылармен кездесуі, өмірлік тәжірибелерімен бөлісуі – аса маңызды, қажетті шара. Бұл басқосу біздің шәкірттеріміздің болашағына азық болып, рухани серпіліс береді деген ойдамын, – деді оқу орны директоры Мұрат Тұрысбек. Шара соңында барлық қонақтар білім ұясының ауласына шырша ағашын отырғызып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті.
Б.Сұлтан
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




