2014 жылдың 14 маусым күнгі облыстық «Ақ жол» газетінің №90 (17947) санында «Хат артында адам бар» айдарымен жарық көрген Л. Сайлаубектің «Тараз-Пресстен» тасбақа жылдам шығар...» атты мақаласы бойынша төмендегіні хабарлаймыз. 2014 жылдың І жартыжылдығында «Тараз-Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ардагерлерге газеттерді жеткізген болатын. Аталған мекеменің жіберген кемшіліктері назарға алынып, уақытында тиісті жұмыстар жүргізілді. 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында ардагерлерге газеттерді («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ақ жол», «Знамя труда», «Жамбыл-Тараз», «Ғұмыр-Дария») жеткізу бойынша ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес «Қазпошта» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы жеңімпаз атанды. Осыған орай, 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы ардагерлердің мекен-жайларына аталған газеттерді жеткізетін болады.
Кенжебек ОЛЖАБАЙ, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді