Сонау Ұлы Отан соғысы кезінде де ел бір-бірімен хат жазысып, пошта қызметі де үзбей еңбек еткен. Қазір, Құдайға шүкір, дамыған егеменді ел емеспіз бе. Айтайын дегенім, үйге кешігіп келген газет, журнал кімге керек? Мысалы, облыс орталығынан сексен шақырым жердегі Ақкөл ауылына газет, журнал кешігіп келеді. Шалғай жатқан ауылдардағы жағдай да осы тақылеттес деп естиміз. Парламент Мәжілісінде де, депутаттар бірқатар пошта мекемелерін қатаң түрде сынаққа алған еді. Баяғыда пошташыға арнайы киім, астына велосипедін беретін. Бүгінде ол да жоқ, пошташымыз Жаяу Мұса атанды. Алатын жалақысы да айтуға ұят. Бұған пошта мекемесінің басшылары не дер екен?
Нұрғазы Шеңгелбай. Ақкөл ауылы, Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




