«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Локтевтің «шлагбаумы»

Локтевтің «шлагбаумы»
ашық дереккөз
Локтевтің «шлагбаумы»

Өткен жылы әскерилендірілген күзет бөлімінің қорықшысы Локтев өзімбілермендікпен тура мал жайлауға шығар кезде «Шыбынды» шатқалының аузына шлагбаум орнатып, жайлауға көшкен біздің малды жібермей, әбден әуре-сарсаңға салған еді. Оның осындай қисынсыз ісіне наразы болып, сол кездегі аудан прокуроры С.Төлеуовке шағымданған болатынбыз. Прокурор жүгенсіз кеткен қорықшыны тәртіпке шақырып, шлагбаумды алдырып тастатқан. Бұл туралы «Ақ жолдың» меншікті тілшісі С. Қожеке мақала жазған. Биыл Локтев ескі әдетін тағы бастады. Атап айтсақ, ол жайлауға малымыз көшкенде тиіскен жоқ, бірақ уақыт өте келе ол «Шыбындыға» қайтадан шлагбаум қойып қойды. Енді біз жайлаудағы малымызға тұз, малшымызға азық-түлік алып бара алмай қалдық. «Ержан» қожалығының жетекшісі Болатбеков, тағы да басқалардың малы қазір «Есдәулет», «Ақмая» жайлауларында отыр. Айтайын дегенім, Локтев жергілікті қожалықтардың малын таудағы жайылымдарға қатарынан үш жыл бойы шығармай қойса, Үкімет заң бойынша «жайылым пайдаланылған жоқ» деп жерді оған беруі мүмкін екен. Қазір ол: «Бұл аңшылық аймағы» дегенді сылтау етіп, бізге тағы да қыр көрсетіп, қоқаңдауын қоймай отыр. Осыған тыйым салатын адам бар ма тегі?

Төрехан Қадіров, кәсіпкер.

Көкдөнен ауылы, Тұрар Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар