«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қате түзетіледі

Қате түзетіледі
ашық дереккөз
Қате түзетіледі

Ағымдағы жылғы 22 мамырда «Ақ жол» газетінің №77-78 санында жарық көрген «Фотоайғақ» айдарымен берілген «Тараз көшелеріндегі... жұмбақтар» атты суреттердегі «Бір көше, бес түрлі жазу. Қайсысы дұрыс?» атты бөлімінде көрсетілген Майқы би көшесінің атауы 1993 жылғы 4 қазанда Жамбыл қаласы әкімінің №1013 шешіміне орай берілген. Суретте көрсетілген («Майке би көшесі 39», «Майкы-би 19А», «Майкы би көшесі 40», «Майқыби көшесі 50») аншлагтар көше тұрғындарының тарапынан ілінген, ал №51 үйдегі аншлаг дұрыс нұсқасы болып табылады. Қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сай конкурс өткізіліп, аншлагтарды дайындап, ілетін жеңімпаз анықталды. Бөлінген қаржыға 87 көше, бұрылыс, өткелдерге 5000 аншлагты ілу маусым-қыркүйек айларында жүргізіледі. Майқы би көшесі биыл аншлагтары жаңартылатын көшелер тізімінде бар.

Күлімхан Тоғызбаева, Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар