Аудандағы 24568 гектар егістік жердің 5003 гектары – суармалы егістік алқабы. Егістік жердің 20312 гектары, суармалы егістік жердің 3588 гектары ауыл шаруашылық құрылымдарына берілген. 2018 жылдың өнімі үшін 2500 гектар күздік бидай егіліп, оның 1500 гектары «Общество взаимного страхования Союза фермеров Казахстана «SFK-INSURANCE» тұтыну кооперативі арқылы сақтандырылды. Күздік егістің 70 пайыз шығымы жақсы, ал 30 пайызы орташа.
Биыл межеленген өнім көлеміне қол жеткізу мақсатында ауыл шаруашылығының егін саласында жалпы құны 5,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрайды деп күтілуде. 2018 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен аудан әкімдігі арасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 2017-2021 жылдар аралығындағы егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру туралы меморандумға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары 19560 гектар жерге орналастырылатын болады, бұл былтырғымен салыстырғанда 1170 гектарға артық. Атап айтқанда жаздық арпа – 2150, дәндік жүгері – 1120, майлы дақылдар – 7750, картоп – 126, көкөніс – 220, бақша – 300, мал азығы 5394 гектар жерге егіліп, осы ауыл шаруашылығы өнімдерін ауылдық округтерге бөлгенде Байқадам – 59, Игілік – 2896, Жаңаталап – 1468, Жайылма – 2253, Жаңаарық – 1109, Түркістан – 11574, Тоғызкент – 61, Досбол ауылдық округі – 61 және Жаңатас қаласы 79 гектар жерге орналастырулары қажет.
Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда егілетін дәнді дақылдардың көлемін 1240 гектар жерге ұлғайту межеленіп, күздік бидай 1150 гектарға, майлы дақылдар 20 гектарға, дәндік жүгері 120 гектарға егілмек. Жаңа технология – тамшылатып суару жүйесін енгізу арқылы егілетін 100 гектар жерден 2-2,5 есе артық өнім алынады деп күтілуде. Су үнемдеу технологиясы өткен жылы 75 гектарға енгізілсе, оны биыл қосымша 25 гектарға көбейту жоспарлануда.
Тұқым себу нормаларына сәйкес, 2018 жылға қажетті 360 тонна арпа, 25,5 тонна жүгері, 194 тонна мақсары, 9 тонна жоңышқа тұқымдары ауыл шаруашылық құрылымдарында қажетінше толығымен қамтамасыз етілген. Арпа тұқымының барлығы III-IV репродукциялы. Аудан бойынша суармалы егіс алқабын 40 пайызға ұлғайту, яғни 363 гектар жоспарланса, оны 380 гектарға жеткізіп, 104 пайызға артығымен орындалады деп күтілуде. Егілетін егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар көлемі анықталып, ауыл шаруашылығы құрылымдары аммиак селитрасы мен аммофос тыңайтқыштарын алу үшін «КазАзот» және «Қазфосфат» ЖШС-мен келісімшартқа отыруда, алынған отандық тыңайтқыштың 50 пайызы субсидияланады. Ауыл шаруашылығы техникаларының бүгінгі таңда дайындығы 90 пайызды құрайды. Аудан бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарында барлығы 366 трактор, оның 21-і қуатты «К-700», «К-701», 8-і «Т-150», 27-сі «ТД-75» және 277-сі «МТЗ», «ЮМЗ», «Т-40» тракторы бар. Көктемгі егіс-дала жұмыстарына барлығы 99 трактор, 25 тіркеме, 10 автокөлік және 40 соқа, 27 сеялка жұмылдырылады. Ағымдағы жылы көктемгі егіс-дала жұмыстарын жүргізу үшін жанармайдың 390 тонна қажетті көлемі айқындалып, ауданға жеңілдетілген бағамен дизель отынын бөлуге оператор болып «Аянат» ЖШС белгіленді. Бүгінгі таңда 367 тонна дизель отыны тиісті ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өтінімдеріне байланысты литрі 145 теңгеден босатылатын болады. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ арқылы «Саудакент» кредиттік ЖШС-на 10 өтінім 30 миллион теңгеге түсіп, «Мұрат» және «Бәйімбет» шаруа қожалықтарына түкпілікті мөлшерлеме – жылдық 6 пайыздан аспайтын 14 миллион теңге несие берілді, қалған 8 өтінім таяу арада қанағаттандырылатын болады. Сонымен қатар «Сексенбаевтар» шаруашылығы 5 миллион 285 мың теңге несие алып, оған «Беларусь-82,1» және «КазАгроФинанс» АҚ арқылы «Қанат-2014» және «Тамырлан» шаруа қожалықтары екі «Беларусь-82,1» тракторларын алды. «Ынталы» су қоймасына 28,2 миллион текше метр су жиналып, «Шабақты» өзенімен секундына 3 текше метр су келуде. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру мақсатында су қоймасына кезекшілік ұйымдастырылған. «Бүркітті» су қоймасында 6,9 миллион су жиналған. «Бүркітті» өзенімен секундына 0,2 текше метр су келуде. «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларына келетін су бөлімнің бақылауында. «Ынталы», «Бүркітті» каналының суын Байқадам, Игілік, Жаңаталап және Жайылма ауылдық округтеріне қарасты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері пайдаланады.
Сейітахмет ЫДЫРЫС, Сарысу ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді