Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған. Себебі азық салуға, ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет. Мәселен, кесеқап – кесе сақтайтын аяққап. Бұл ыдыс түрін халық шеберлері көшіп-қонып жүргенде шыны кеселер қирап қалмас үшін ойлап тапқан. Кесеқаптың «сыңар емшек», «қос емшек», «үш емшек» деген түрлері бар. Ол тері, мата секілді әртүрлі материалдардан жасалады. Бірінші суреттегі кесеқап ХІХ ғасырға жатқызылады. Материалы: тері, күміс, ағаш. Үш емшекті тері қап ою-өрнекпен безендірілген. Барлық бөлігіне жапырақ тәрізді күмістер жапсырылған. Терінің кейбір бөліктері қиылған. Күмістен, теріден жасалған мұндай кесеқаптарды көбіне бақуатты адамдар пайдаланған. Қолөнер туындысы музей қорына 1970 жылдары түскен.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




