Пәкістанның астанасы Исламабадта 400 жылдық тарихы бар Құран қолжазбалары сақталған. Олардың арғысы 400 жылдан бері қарай келе жатса, бергісі 19 ғасыр туындысы екен. Осы тұрғыда хабарлаған "Ислам для всех" олардың араб және парсы тілдерін жазылғанын айтады, деп хабарлады muslim.kz сайты.
Садия Джавед отбасына тиесілі қасиетті Құранның шағын қолжазба нұсқалары өте бағалы деседі. Оның ішінде алтынмен апталып, күміспен күптелген, қымбат тастармен, жақұтпен көмкерілген Құран да бар. Шамамен 2х3,5 см болатын екі кішкене Құран қымбат тастармен әшекейленген. Коллекция арасындағы ең көзге түсетін Құран көлемі бір еліден аспайтын алтынмен оюланып, 13 ғасырдағы Дели сұлтанатына тән каллиграфиямен жазылған Құран. Енді бірі арабша-парсыша нұсқа. Ол 250 жыл бұрын жарыққа шыққан екен. Бұдан бөлек аталған отбасы араб, парсы тіліндегі ескі қолжазбаларға бай болып шыққан. Сарапшы-зерттеушілер пікіріне жүгінсек, бұл дүниелер әлемнің мен деген мұражайының атағына атақ үстейтін құндылықтар.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




