Облыстық көрме залы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Винегрет» шығармашылық көрмесі өтті. Аталған іс-шараға қылқалам шеберлерінің портреттері, пейзаж, авангардтық жанрдағы 100-ден аса туындылары қойылды. Жұртшылықтың сурет өнеріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тың туындыларды көпшілікке таныстыру, насихаттау мақсатында өткізілген көрмеге келушілер 2011 жылы құрылған «Винегрет» тобының дүниелерін тамашалап, әуесқой суретшілердің өнеріне баға берді. Олар қылқалам шеберлерінің майлы бояумен әдіптелген, мазмұны терең шығармаларын көріп қана қоймай, суретшілер қауымымен пікірлесті. Көрме залына жиналғандар, әсіресе табиғат көрінісін айшықтаған пейзаж жанрындағы суреттерге аса қызығушылық танытты. Шара барысында Ульяна Распутина, Владимир Худяков, Владимир Новодичий және Татьяна Шелудченкова, Рахат Сапаралиева, Сергей Копылов, Сергей Назин, Оксана Щибунок, Иса Тазабаев, Елена Панина сынды қылқалам шеберлері ұйымдастырушылардың арнайы марапатына ие болды. Айта кетейік, аймақтағы сурет өнерінің дамуына үлестерін қосып жүрген «Винегрет» тобының көрмесі 19 сәуірге дейін жалғасын таппақ.
Есен ӨТЕУЛИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




