Экономикамыздың қозғаушы күшіне айналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Қордай ауданында өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс жоспарлар да көп. Соның бірқатары биыл жүзеге асырылмақ. Барлық жұмыстар Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан бастау алатын міндеттерді орындауға бағытталған. Былтырғы жетістіктер мен биыл атқарылатын шаралар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Болатбек Байтөле айтып өтті. – Өткен жылы ауданда өндірілген жалпы өнім көлемі 99932,8 миллион теңгені құрады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде биыл 26 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. Оның 16-сы – пайыздық ставкасын субсидияландыру құралы, 7-еуі – кепілдік беру құралы, 3-еуі – жетіспейтін инфрақұрылым бойынша, – деді аудан әкімі. Мәліметке сүйенсек, Қордай ауданында бірқатар көрсеткіштер жақсарған. Әлеуметтік салаларда да ілгерілеу бар. Былтыр жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық мәндегі автожолдардың үлесі 83,3 пайызды құраған. Биыл бұл көрсеткішті 84 пайызға дейін жеткізбек. Сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрған 1206 азаматтың сұранысын қанағаттандыру үшін бір 50 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіпті. Ал жеке тұрғын үй құрылысынан жер алуға жазылған кезек саны 2006 жылдан бері 12645-ке жеткен. Соның алғашқы тобына, 6748 адамға жер учаскелерін беру үшін 2012 жылы бас жоспар әзірленіп, қосымша 1465 гектар жер телімі жаңа тұрғын алаптарға бөлінген. Болатбек Байтөленің айтуынша, бүгінде 615 гектар жерде орналасқан «Шығыс» және «Солтүстік» ықшам аудандарында 2776 учаскеге электр жүйелері жүргізіліпті. Былтырдан бері осы алаптарға облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа жол салынуда. Соның нәтижесінде 2017 жылы Қордай ауылы бойынша 2006 жылдан бері кезекте тұрған адамдарға жер учаскелері беріле бастады.
Ардақ Үсейінова
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді