«Инновациялық автобус» ел аралауға шықты
Астанадан ҚР ИЖТМ мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ «Инновациялық автобусты» жолға шығарды.
Петропавл қаласына бағыт алған бұл автобус бір айдың ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтарын аралап шығады. Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының ұйымдастырушылары еліміздің барлық өңірінен талантты өнертапқыштарды, жас ғалымдарды, болашақ бизнесмендерді іздестіреді. «Бұл бастаманың басты мақсаты – барлық облыстарда өнертапқыштарға қолдау көрсетудің тетіктерін түсіндіру, инновацияларға ел азаматтарының қызығушылығын арттырып, байқауға қатысушыларды анықтау. Осы сапардың нәтижесі бойынша қатысушылардың тобын анықтайтын боламыз. Олар өз кезегінде инновациялық байқауға қатысады», – деді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Сағадиев. Оның сөзіне қарағанда, қызығушылық тудырған жобалардың иелері Астанаға шақыртылып, олар қорытынды шарадағы байқауға қатысады. Байқауда бірінші орын алғанға 7,5 млн. теңге, екінші орынға 2,5 млн. теңге, ал үшінші орынға 1 млн.теңге көлемінде грант бөлінеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




