«Бірінші байлық – денсаулық» деп тегіннен-тегін айтылмаған. Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады. Осы ретте елімізде халық денсаулығын жақсартуға барынша көңіл бөлініп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынған. «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында заманауи емдеу орталықтары көптеп ашылды. Соған қарамастан, түрлі ауруға шалдыққандар саны жылдан-жылға өсе түсуде. Қазақ халқында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін нақыл бар. Сондықтан күнделікті спортпен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтанып, дәрігерге дер кезінде қаралсақ, мұндай мәселелер туындамасы анық.
А. МЫҚТЫБАЕВА, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері 553,6 млрд теңге инвестиция тартылды – Қарашөкеев
- 1 желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




