«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Аурудың 90 пайызы ауыз қуысының таза болмауынан туындайды

Аурудың 90 пайызы ауыз қуысының таза болмауынан туындайды
ашық дереккөз
Аурудың 90 пайызы ауыз қуысының таза болмауынан туындайды

Адамның тісі оның негізгі комбайны десе болатындай. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тістің түсуі – көп жағдайда ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.

Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады: 1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. Екі-үш айда бір тіс щеткасын ауыстырып тұрған абзал. 2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап үнемі массаж жасап отырған дұрыс. Бастысы ерінбеу керек. 3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан кем болмауы керек. 4. Тіс тәулігіне екі рет тазаланады (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді. 5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялап тұрған дұрыс. Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Мп, Си, Ғе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдарына, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды. 6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне, тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Ауыз қуысының таза болуы – адамға сергектік беріп, көңіл-күй сыйлайды. Аурудың 90 пайызы ауыз қуысының таза болмауынан, яғни тісімізден туындайды екен. Сол үшін ауыздағы кем-кетікті бүтіндеудің, сауықтырудың әдемі күлкі үшін ғана емес, денсаулығыңыз үшін де маңызы зор. Маман ретінде айтарым – тістің адам ағзасына әсерін тигізбейтін жері жоқ. Тіс ауруларын емдемесе, оның кері әсері ең алдымен жүрекке, одан кейін бүйрекке, артынша бауырға, сонан соң ішкі құрылысқа, тіпті миға да әсер етеді. Ауыз қуысының сау болмауы, керек десеңіз, адам психологиясына да «шабуылдайды». Мәселен, тістері қисық немесе құрттаған адам көпшілік алдында ашылып сөйлей алмай, қысылып, тұйықтала түседі, ал күлгенде еріксіз қолымен аузын көлегейлейді. Басқа да жұқпалы аурулар сияқты, ауыз қуысындағы ақаулар да жұғады. Яғни құрттаған тіс көршісін де зақымдайды. Осылай дер уақытында дәрігерге көрінбегеннен 32 «маржанның» бәрі бүлінуі әбден мүмкін. Негізінде тіс дәрігеріне жылына бір рет, тіпті тісіңіз сау болса да қаралған абзал. Тісті және ауыз қуысы сырқаттарын әркімнің өз бетінше емдеуіне болмайды. Науқастар көбіне тіс аурулары әбден меңдеп кеткен соң ғана дәрігерге келеді. Ондайда бірнеше тіс жұлынып, тіс қатары бұзылып, тістем (прикус) төмендейді, соның салдарынан беттің төменгі үштен бір бөлігі, яғни шайнау бөлігі төмендеп кетеді. Сөйтіп адамның бет-әлпеті бұзылады. Мұндайда ортопед стоматолог маман тек тіс қатарын ғана қалпына келтіріп қоймай, беттің шайнау бөлігін де бағзы қалпына келтіруі тиіс болады. Тіс ауырды деп үйде жүріп алу немесе өздігінше емдеу кей жағдайларда адам өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Асқынып ісінген тістің астына сары су (ірің) жиналады. Ол өз бетінше жол тауып, ішкі каналдар арқылы ағзаға өтеді. Сөйтіп менингит, ми қабынуы мен іріңнің жұлынға және өкпеге тарауына себеп болады. Ірің миға өткен жағдайда жүз мыңнан бір адам ғана тірі қалуы мүмкін. Сол ірің өкпеге өтер болса, ол өкпені кесуден басқа амал қалмайды. Мұның барлығы уақыт өткізіп алған жағдайда болатын жайттар. Осыған ұшырамас үшін азаматтар тіске дақ түскен сәтте дәрігерге келуі керек. Ал сырқат адам уақтылы тіс дәрігерлеріне қаралса, іріңді дәрі арқылы дәретпен шығарып жіберуге болады. Әдетте адамның кескін-келбеті көбінесе домалақ жүзді, сопақ жүзді немесе төрт бұрышты болып келеді. Домалақ жүзді адамға күрек тістің дөңестеу түрі жарасады. Сопақ жүзді адамға күрек тістің екі бүйір тұсы созыңқы болғаны дұрыс. Ал төрт бұрышты бет-әлпетті адамға күрек тістің қабырғалары өзара тіп-тік келгені жарасымды. Білікті стоматолог осындай жайларды ескеріп, тіске салынатын протездерді тістегі кем-кетікті баз қалпына келтіру үшін ғана салып қоймай, бет-әлпеттің әдемілігін қалпына келтіру жағын да қарастырады. Стоматологияда тіс, тіс қатары, бет-әлпет қарым-қатынасын көрсететін Нильсон үштағаны (триадасы) бар. Осы үштағанды пайдаланып, адамның бас сүйегін қалпына келтіруге де болады. Әдемілікті тек бет-ауыздың қозғалыссыз кезіндегі сырт пішінінен ғана көрмей, жақ-бет-тіс мүшелерінің қызмет атқарған кезіндегі өзара үйлесімділігінен де көруге болады. Қысқасы, тіс саулығы, ауыз қуысының амандығы елеусіз қалдыратын нәрсе емес.

Ақылбек Үсенбаев, облыстық стоматологиялық емхананың бас дәрігері

Ұқсас жаңалықтар