Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Х республикалық пән олимпиадасы өтуде.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген болашақ журналистерге халықтың ықыласы ерекше болды. Қонақжай халықтың белсенді жастары қойған концерттік бағдарлама көңіл сергітерлік сәтке айналды. Дүбірлі додадан бөлек, қонақтарға қаланың көрікті жерлері ерекше әсер қалдырды. Бауырында тау тұлғаларды тәрбиелеп өсірген Сарыарқаның саңлақтары ҚарМУ музейінің төрінен орын тепкен. Өткен ғасырлардың құнды жәдігерлері, қыш құмыралары мен балбал тастары да осында. 16 команданың барлығы тұғыр биігінен көрінуге үмітті. Кіл жүйріктер топқа түскен олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлері бүгін анықталмақ.
Аян Ермекұлы,
Тараз мемлекеттік университеті
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




