Жаңалықтар
Қазақстандықтар Барбадос елінде 28 күнге дейін визасыз жүруге құқылы
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2018
- 684
Қазақстандықтар Барбадос елінде 28 күнге дейін визасыз жүруге құқылы
Биыл 27 наурызда Оттава қаласында Қазақстан Республикасы мен Барбадос арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы дипломатиялық ноталармен алмасу рәсімі өткізілді. Барбадос Қазақстан дипломатиялық байланыс орнатқан 184-ші, ал Латын Америка және Кариб бассейніндегі соңғы мемлекет болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Барбадос Кариб бассейніндегі белгілі туристік бағыттардың бірі болып табылады және Солтүстік Америка мен Еуропаның ірі әуежайларымен әуе қатынасы бар. Барбадос Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан азаматтары бұл елдің аумағында 28 күнге дейін визасыз жүруге құқылы», - делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Дереккөз:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




