«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тазарғың келсе, театрға бар

Тазарғың келсе, театрға бар
ашық дереккөз
Тазарғың келсе, театрға бар

Халықаралық театр күніне орай облыстық қазақ драма театрында «Өнерге тұнған нұр жүрек» атты кеш өтті. Бұл шара жас актерлердің шағын музыкалық қойылымымен басталды. Қойылым желісінен байқағанымыз, театр арда­гер­леріне, аға буын актерлерге деген құрмет атойлап тұрды.

 width=Мұнан соң облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз сөйлеп, мереке иелерін құттықтады. Сондай-ақ жас актерлер – Мәмбет Қожалиев, Кенен Ақүрпеков, Жадыра Құлтаева, Елжан Жармұхамедов, Нұрсұлтан Мағанов басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Кейін театр директоры Болат Бекжанов әріптестерін құттықтап, еңбегі елеулі қызметкерлерге Алғыс хаттар тапсырды. Өнер ордасының бірқатар өкілдері облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағы грамотасына ие болды. Қазақстан театр қайраткерлері одағының құттықтауын облыстағы өкілі Жүніс Әлімбеков жеткізді. Соңында облыстық филармония әншілері Ғани Мәтебаев, Балжан Ділдәбекова, Гүлназ Мамыраева әннен шашу шашса, «Ақкербез» бишілер тобының әсем биі мереке иелеріне шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Бұл күні барша театр ардагерлері мен қызметкерлерінің кеудесін шаттық кернеді. Мерекелік шараны ұйымдастыру жұмыстарына режиссер Анар Сағымбекованың ерекше атсалысқанын айта кеткен жөн.

Есет ДОСАЛЫ

Суреттерді түсірген Алтынбек Қартабай

Ұқсас жаңалықтар