«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа есім!

Жаңа есім!
ашық дереккөз
Жаңа есім!

Бұлақ көрсең көзін аш

Әлфараби Сапарбек Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тумасы. Осындағы орта мектепті бітірген. Бүгінде Тараз қаласындағы Абай атындағы өнер колледжінің 2-курсында оқиды. Жас өренге өнері өрге өрлей берсін деп ақ жол тілеп, бір топ өлеңін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Поэзия әлемінің әл-Фарабиіне айналғайсың, айналайын! Руханият бөлімі.

Жырақтамын...

Жырақтамын, амал не Жырақтамын. Сағынып ақ параққа Сыр ақтардым Сұлуымды күніге Түсім көріп. Сыр бөлісіп Еріксіз құшақтадым.

Тек түсімде күніге Қиялдаймын Ойламасам, еш жерге Сия алмаймын. Жырақтамын, амал не Жырақтамын. Саулық тілеп дұғамды Жиі ақтардым.

Мен саған ғашықпын

Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой Сен мені! Саған деген От сезімді мендегі! Саған деген Ойым менің тым бөлек, Сүйеді ғой жүрек шіркін Тек сені!

Амалым не? Байқамадың білмедің. Пәк жүректің Сен деп соғып жүргенін. Өзге жанға теңеп жүрсің Сен мені Түсін мені Сені ойлаймын күнбе-күн!

Сені ойлап Таусылды ғой тағатым Сен деп соғар «Жүрек» дейтін сағатым Сен ауырсаң Ауырады жүрегім, Сені ойлатып Күрсіндірді қара түн.

Сені ойлап

Жарық айға қарадым. Сені ойлап Жұлдыздарды санадым. Жұлдыздарды санап біте алмайсың Санап жатып Тағы сені ойладым. Ойлап жатып Тұңғиыққа бойладым Сені сүйсем деп айтуды Ойладым. Қиялдаумен Біраз жерге барыппын Қиялымда Сені сүйіп алыппын. Амалым не? Бұның бәрі тек қиял Сезімімді... Жасырудан жалықтым!

7Әлфараби Сапарбек, Абай атындағы гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар