Басты жаңалық
Сауда орталығында болған өрттен 47 адам қаза тапты
- author «Ақ жол»
- 26 наурыз, 2018
- 851
Сауда орталығында болған өрттен 47 адам қаза тапты
Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендер саны 47 адамға өсті. Мұндай деректі дүйсенбі күні Ресей ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов мәлім етті.
«Барлығы 84 адам зардап шегіп, соның ішінде 37 адам, өкінішке орай, қаза тапты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол жедел кеңесте.
В.Аксенов 64 адамның із-түзсіз жоғалғандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол жанып жатқан ғимараттың опырылу қаупі барын хабарлады. «Қабатаралық жабындар шөгіп жатыр, олар опырылуы мүмкін», - деді ол жедел кеңесте.
Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен. Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Дереккөз: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




