«Шаттық» күні аясында «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы өтті
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2018
- 705
Бүгін облыстық перинаталдық орталығында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шаттық» күні аясында «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы өтті. Ата-аналар өмірге келген жас нәрестелердің құрметіне медициналық мекеменің ауласына тал отырғызды. Қуанышқа кенелген отбасыларға бұл күні сәбидің құжатымен берге сол ағаштың паспорттары да табысталғанын айта кету керек.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, қалалық денсаулық бөлімінің басшысы Индира Қарағаева, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Айгүл Айтбаева және 18 наурыз күні туылған нәрестелердің ата-аналары қатысты. Дүниеге жаңа келген нәрестенің «Ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін» деген ізгі ниет – Елбасы бастамасынан туындаған. Мемлекет басшысының «Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз» деген сөзін негізге алған жамбылдықтар осылай акция ұйымдастыруда.
Толқын Өмірбаева,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы
баспасөз орталығының жетекшісі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




