19 наурыз – Ынтымақ күніне орай Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында этномәдени орталықтарының ұйымдастыруымен «Достық» фестивалі өтті. Бұл шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева қатысып, көпшіліктің шат-шадыман қуанышын бөлісті. Алдымен әр этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті. Орыс, неміс, күрд халқының дәстүрлері де мазмұнға толы екен. Қырғыз бен өзбек ағайындардың дәстүрлері таныс болса да, жиындағы көріністері көз қуантты. Айгүл Қабиева бастап келген қазақ мәдени бірлестігі халық әндерін орындап, күй күмбірлетіп, бесікке салу, бастаңғы жоралғыларын жасап жатты. Сондай-ақ қарашай–балқарлар тұсаукесер дәстүрін көрсетсе, кәрістер сәбилері 1 жасқа толғанда жасайтын жоралғыларын көпшілік назарына ұсынды. Ал грек мәдени бірлестігі баласын үйлендіру, құда түсу дәстүрлерін мән-мағынасын бұзбай жеткізді. Украин мәдени бірлестігінің өнерпаздары қазақша би билеп, ұлттар достығынан хабар берді. Кейін аталған мәдени бірлестіктер ұлттық әндерін орындап, өнер көрсетті. Барлық ұлт өкілдері бір-бірін құттықтап, ақ тілектерін айтысты.
Е. Жаңабайұлы
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




