Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалі Гран-приінің, Президент кубогының иегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз, белгілі ақын Ерлан Жүністің өлеңдері 6-7 сынып оқушыларына арналған оқулықтарға енді. Бұл, әрине «ақынмын» деп жүрген кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін зор бақ. Нағыз табиғи таланттың табысы екені сөзсіз. Бұған дейін қарасы қалың оқырмандарына «Жыр перзент», «Киелі түндердің дұғасы», «Хауас», «Ғаусар», «Үміт жырлары», «Энтелехия», «Арманшыл таңның бұлттары» секілді бірнеше жинағымен танылған ақынның өлеңдері тау бұлағындай мөлдірлігімен, тазалығымен жұртшылықтың жүрегін баурап алатыны ақиқат. Талай әдеби аламандарда қатарынан оза шауып жүрген талантты ақынның шығармашылығына табыс тілейміз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




