Cуретшілер шығармашылығынан көрініс тапты
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63008,63007,63006,63004,63005,63003,63001"]Облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз – 2018» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды. Оған есімдері өңірімізге және елімізге белгілі бірқатар қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. Шараның ашылу салтанатында Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Айдархан Сихаев сөз алып, түркі тілдес халықтардың төл мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараның мәні туралы әңгімелеп, бұл мейрамның маңызына тоқталды. Облыс суретшілерінің еселі еңбегі жайында ой өрбітті. Қылқалам шеберлеріне ерекше қамқорлық танытып отырған аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің алдағы уақытта көркемсурет галереясын салуға уәде бергенін айтып, ризашылығын жеткізді. Бұдан соң Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қазым Аманқос мереке аясында ашылған көрменің жұмысы туралы ойын білдіріп, мерекенің исі қазақ баласы үшін айрықша екенін атап өтті. Көрмеге қойылған қолөнер шеберлері мен суретшілер туындыларының көркемдігі туралы пікірімен бөлісті. Соңында өзінің «Ортеке» атты туындысын таныстырды. Күй ырғағымен билеген ортеке жұртшылықты таңғалдырды. Қолөнер туындысының ерекшелігі де жұртты бейжай қалдырған жоқ. Көрмені тамашалауға келген жұртшылық А.Азизовтың «Бүркіт пен жылқы», «Боранды түнде», С.Азизовтың «Жайлауда», «Томирис», Г.Тянның «Мамыр», Р.Сапаралиеваның «Ауыл көрінісі» секілді туындыларын және өзге де еңбектерді қызыға тамашалады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді