2018 жылғы 19 наурызда сағат 11.00-де Жамбыл облыстық «AQ JOL» газетінің редакциясы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай тұсаукесер рәсімін өткізеді.
Шарада облысымызға белгілі азаматтар Тараз қаласындағы «Үміт» сәбилер үйінің қамқорлығындағы жеті баланың тұсауын кеседі.
«AQ JOL» газеті 1 наурыздан бастап «Наурыз – ізгілік айы» қайырымдылық акциясын бастағаны қалың оқырманға белгілі. Шара аясында өңіріміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, қолдауға мұқтаж, мүгедек балалары бар отбасыларына көмек көрсетілуде. Осынау игілікті шараның аясында газет ұжымы тағы бір сауапты іске ұйытқы болып отыр. Облыс баспасөзінің қарашаңырағында тұңғыш рет ата дәстүрімізге сай, облысымызға танымал, өз саласында жетістікке жетіп, абырой-беделге ие болған азаматтар тағдырдың жазуымен ата-ананың қамқорлығынан шет қалған сәбилердің тұсауын кеседі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




