Дереккөз:akorda.kz
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2018
- 559
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62952,62953"]
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамып келе жатқанына тоқталып, Орталық Азия елдері басшыларының жоспарланған кездесуінің маңызды екенін айтты. – Біз бәрімізге ортақ мәселелерді, соның ішінде экономикалық ықпалдастықты, өзара сауданы, инфрақұрылымдық даму мен логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Сооронбай Жээнбеков Астанада Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуін өткізу жөніндегі бастамаға қолдау білдірді.
Қырғыз Республикасының Президенті екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтудың және маңызды өңірлік мәселелерді шешуге бағытталған өзара ықпалдастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




