Жаңалықтар
Папуа-Жаңа Гвинеядағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 125-ке жетті
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2018
- 561
Папуа-Жаңа Гвинеядағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 125-ке жетті
Папуа-Жаңа Гвинеяда болған зілзала салдарынан қаза тапқандардың саны 125-ке жетті. Бұған дейін 80 кісі опат болғаны хабарланған еді. Бұл туралы ел полициясының өкілі мәлім етті. Дерек бойынша, Хела провинциясында 80, Саузерн-Хайлендсте 45 адам ажал құшты. 35 мыңға жуық жергілікті тұрғын жарықсыз қалған. Мамандар марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Өйткені шалғайда орналасқан елді мекендерде қанша тұрғынның зардап шеккені әзірге анықталған жоқ. Айта кетейік, 7,5 балдық магнитудалық жер сілкінісі аралдың шығысында болған. Тербеліс ошағы Менди қаласынан батысқа қарай 104 шақырым жерде 9 шақырым тереңдікте тіркелген.
Дереккөзі.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




