Облысымыздағы ардагер журналист, «Еңбек туы» (қазіргі «Aq jol») газетін ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Баттал Жаңабаев 90 жасқа толып отыр.
Жамбыл журналистикасы ақсақалының мерейтойына орай «Aq jol», «Знамя труда» газеттерінің редакциялары және облыстық «JAMBYL» телеарнасы Талас ауданы әкімдігінің қолдауымен аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында бильярдтан турнир ұйымдастырады. Жарыс 17 наурызда, сенбі күні, Тараз қаласындағы «Халил» бильярд клубында (Ы. Сүлейменов және Желтоқсан көшелерінің қиылысы) өтеді. Сол күні сағат 9.30-да тіркелу аяқталып, жеребе тасталады. Турнир олимпиадалық жүйемен өтеді. Яғни жеңілген қатысушы жарыс жолынан шығарылып, жеңіске жеткен ойыншы келесі кезеңге жолдама алады. Турнирге қалалық және аудандық газет редакцияларынан – бір, облыстық басылымдардан – екі және облыстық телеарнадан үш ойыншы қатыса алады. Ал республикалық бұқаралық ақпарат құралдарынан бір-бір өкілден қатысуына мүмкіндігі бар.
Ұйымдастыру комитеті
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




