75 жастағы неміс ғалымы Клаус Самес өз ағзасын болашақта биологиялық функцияларын қалпына келтіру үшін криконсервация әдісімен мұздатып қатырып тастамақшы, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Профессор Американың «Крионика интитуты» коммерциялық емес ұйымымен келісімшарт жасасып та қойған. Оның мұздатылған денесі адамзат тоңазытылған жасушаларды тірілтуді үйренгенше сақталады. Саместің денесі минус 196 градусқа дейінгі салқындықта сақталады. Миы жұмысын тоқтатқаннан кейін оны кесек-кесек мұздар салынған жәшікке салып, АҚШ-қа жіберуге дайындай бастайды. Кейін профессорды Клинтон-Тауншип қаласындағы Крионика институтының штаб-пәтеріне жеткізеді. Онда оның тамырларынан қан сорылып, орнына арнайы ерітінді құйылады. Самес аталған қызмет үшін күні крионика институтына 21 мың еуро төлеген. Жалпы криониканың негізін американдық ғалым Роберт Эттингер қалаған деп саналады. 1962 жылы ол «Мәңгілік өмір перспективалары» атты еңбек жазып, сонысымен танылған болатын. Бұл кітап ғылыми әлемге айтарлықтай әсер етіп, содан оның идеялары біртіндеп қолдау таба бастады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




