Жаңалықтар
Мамандар смартфонның психикаға кері әсері барын анықтады
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2018
- 409
Мамандар смартфонның психикаға кері әсері барын анықтады
Ғалымдар смартфондардың адам психикасына кері әсері барын анықтады, - деп хабарлайды Business Insider.
Басылымның жазуынша, телефонға келетін қоңыраулар мен хабарламалар күйзеліс гормондарын іске қосады да, қоғаныс реакциясын оятады. Осылайша, америкалық студенттердің 89 пайызы телефон сөніп тұрса да, қоңырау келгендей болып тұратын "елестердің" мазлайтынына шағымданған. Ал америкалықтардың 86 пайызы электрондық пошта мен әлеуметтік желіні үнемі тексеріп тұратынын айтады.
Эндокринолог Роберт Люстигтің сөзінше, телефонға келетін хабарламалар миды үнемі стресс пен қорқыныш жағдайында болуға "үйретеді". Бұл жоғары когнитив қызметіне (ерік, абстаркт ойлау, өзіндік қабылдау мен метасанаға) жауапты мидың префронтал қабатының толық жұмыс істей алмауына соқтырады.
Ғалымдардың пайымынша, адамдардың 97,5 пайызы міндетті бір уақытта шынайы түрде атқара алмайды. Егер адамның қолы бос болмаса, телефон қоңырауына жауап беру үшін ойын бөлуі керек болады. Ал абдыру кезінде кортизол атты стресс гормоны артады, оны бөгеу үшін миға қуаныш гармоны - дофамин қажет. Қысқаша айтқанда, бірнеше істі бір уақытта атқаруға ұмтылу кезінде жиналатын стресс ауырсыну күйіне әкеледі. Дереккөз: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді