Нью-Йоркте тікұшақ бұғазға құлады
Нью-Йоркте бортында бірнеше адам отырған тікұшақ құлады, - деп хабарлайды РИА Новости Fox News телеарнасына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, тікұшақ жексенбі күні кешкі уақытта Ист-Ривер бұғазына құлаған. Біріккен баспасөз конференциясы барысында полиция мен Нью-Йорктің өрт сөндіру қызметі үш адамның ауруханаға жеткізілгенін және олардың ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. Ұшқыштың тікұшақтан өз бетінше шыға алмағаны және оның да қазіргі уақытта ауруханада екені айтылады.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан екі адам қаза тапқан. "Бұл фототүсірілім өткізу үшін ұйымдастырылған жеке рейс болған еді", - деді полиция комиссары Джеймс О'Нил Кейінірек NBC New York телеарнасы, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген жолаушылардың көз жұмғанын хабарлады. Осылайша, төтенше жағдайдан қаза тапқандарың саны 5-ке жетті. Дереккөз: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




