Жаңалықтар
Қазақстандықтар «Оскар» сыйлығын марапаттау кешін онлайн көре алады
- author «Ақ жол»
- 3 наурыз, 2018
- 620
Қазақстандықтар «Оскар» сыйлығын марапаттау кешін онлайн көре алады
Яндекске тиесілі «КиноПоиск» сервисі Қазақстанда «Оскар» сыйлығының мерейтойлы 90-шы марапаттау рәсімін көрсетеді. Көрермендер трансляцияны компьютермен тікелей эфирде көре алады.
«КиноПоиск» Disney компаниясынан Ресей мен ТМД елдерінде «Оскар 2018» көрсету құқығына ие болды.
«КиноПоиск» 5 наурыз күні Астана уақытымен таңертеңгі 06.30-да тікелей эфирде бастайды. Көрермендер 30 наурызға дейін жазбаны кез келген уақытта көре алады. Марапаттау рәсімін сервис редакторлары мен шақырылған сарапшылар жүргізеді.
Сонымен бірге «КиноПоискта» Киноакадемияның мерейтойға арнайы дайындаған «Оскар» тарихы туралы материалдары жарияланса, көрермендер осы сервисте биылғы номинанттар арасында кімнің жеңімпаз атануы мүмкін екенін болжайтын дәстүрлі ойынға қатыса алады.
«КиноПоиск» — фильмдер мен сериалдар, телевизиялық бағдарламалар, актерлер мен режиссерлер туралы ақпарат тарататын ауқымды ресейлік сервис.
Disney компаниясы «Оскар» жүлдесін марапаттау рәсімін Ресей мен ТМД елдерінде эксклюзивті тарату құқығына ие болған. Компания лицензиясында Disney өндірістік студиясының жобалары, Pixar, MARVEL, Lucasfilm, DreamWorks SKG және ABC мен ABC Family сериалдары бар. Айта кетейік, наурыздың 4-нен 5-не қараған түні кино саласындағы жылдың басты оқиғаларының бірі – «Оскар» сыйлығын табыс ету салтанаты өтеді. Оскар сыйлығын табыс ету рәсімі, дәстүр бойынша, ақпан айының соңғы аптасында өтетін. Алайда, Кореяда Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына байланысты бұл айтулы шараны кейінге жылжытуға тура келді.
Дерекөз:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
№5 Модуль «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»
- 12 наурыз, 2026
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




