Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында өткен «Жыр алыбы – Жамбылым» атты республикалық оқушылар айтысында өңіріміздің мерейі үстем болды. Аталған жыр аламанына қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Альбина Зұлбахар үздік өнер көрсетіп, Кенен Әзірбаев атындағы арнайы жүлдені олжалап қайтты. Төл өнеріміз айтыстың жүгі қашанда ауыр екені белгілі. Сондықтан Альбинаның аймақ намысын абыройлы қорғағаны – көңілге медеу. Ол бұл додада екі рет айтысып, ерекше тапқырлығымен көзге түсті. Алматы қаласы және Алматы облысынан келген қарсыластарымен тең өнер көрсетіп, Жамбыл облысының ақындық мектебінің мықты екенін дәлелдеді. «Жыр алыбының рухына арнап Ұзынағашта айтыс өткізу дәстүрге айналған. Бұл аламаннан жамбылдықтар жүлдесіз қайтқан емес. Альбина да сол жолды жалғап, арнайы жүлдені қанжығаға байлады. Осы айтысқа баруымызға себепкер болған облыстық мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығына, Шу аудандық білім бөліміне алғысымызды білдіргім келеді», – дейді А.Зұлбахардың жетекшісі, ардагер ұстаз Сәт Мәлібеков.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді