Жаңалықтар
Қазақстандықтар 10 наурыздан бастап Дубайға визасыз ұша алады
- author «Ақ жол»
- 2 наурыз, 2018
- 704
Қазақстандықтар 10 наурыздан бастап Дубайға визасыз ұша алады
Қазақстан азаматтары енді Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз ұша алатын болды.
Бұл тәртіп 10 наурыздан бастап күшіне енеді. Дубайдың көші-қон қызметінің мәліметтер базасына тиісті түзетулер мен өзгерістер енгізіліп те қойыпты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулы Мадияр Меңілбеков өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді.Консул бүгін визасыз тәртіптің енуіне байланысты Дубай қаласының халықаралық әуежайының көші-қон қызметі басшысы Ибрагим Хамад Абдолламен кездескен. Екі ел арасындағы тату әрі жылы қатынасты алға тарта келе, Ибрагим Хамад Абдолла 10 наурыздан бастап БАӘ-нің Қазақстанның азаматтарын визасыз қабылдауға дайын екенін мәлімдеген.
Оның пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету туристер легін арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, екі елдің туристік қызмет субъектілері арасында ынтымақтастықтың даму бағыттарын кеңейте түспек.
Әңгімелесу кезінде БАӘ тарапымен бірге Дубай әуежайында алғашқы қазақстандық туристерді қарсы алу шарасы туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда Аir Astana Fly Dubai2 әуекомпаниялары Астана – Дубай – Астана және Алматы – Дубай – Алматы бағыттары бойынша тікелей рейстер жасайды.
Дереккөз:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Заманмен үндес басылым шежіресінің жарқын беттері
- 30 сәуір, 2026
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




