Бүгінгі күннің басты тақырыбы – Елбасы Жолдауы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаевтың, облыс бойынша мемлекеттік кірістер, қазынашылық департаменттерінің басшылары Құлмұханбет Исақов пен Рахым Мыңбаевтың, екінші деңгейлі банк басшылары мен өкілдерінің қатысуымен ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалында насихатталып, түсіндірілді. Жиынды филиал директоры Евгений Шарыгин қысқаша сөз сөйлеп ашты.
Алдымен сөз алған Бауыржан Қадырұлы жылдың бас құжатындағы негізгі басымдықтар мен сол бағытта атқарылып жатқан істерге нақтырақ тоқталды. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер жайын сөз етіп, Жамбыл өңіріне айрықша тоқталып өтті. Оның айтуынша, облыста «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатына – 4 миллиард, су құбырын тарту жұмыстарына – 7,4 миллиард, аграрлық саланы субсидиялауға 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр екен. Одан бөлек, қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен бірнеше заң жобасы әзірлену үстінде. Ол заңнамаларда да ең алдымен қарапайым халықтың мүддесі көзделіп отыр. Мұнан соң Е. Шарыгин Елбасы Жолдауының алтыншы бағыты - «Қаржы секторын «қайта жаңғырту» бойынша атқарылып жатқан істерді тілге тиек етіп, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының негізгі бағыттарына, сондай-ақ облыстың қаржы нарығындағы жағдайға тоқталып өтті.
Жалпы, өткен аптада Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында бірнеше жұмыс тобы облысымызға атбасын бұрып, халықпен кездесулер өткізген болатын. Құрамында 10 мүшесі бар Б.Тортаев бастаған топ Ұлттық банктің облыстағы филиалынан бөлек, Тараз қаласындағы «Қан орталығында» және Жамбыл ауданында болып, жұртшылықпен жүздесті.
Эльвира Жарылқасынова
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді