Бірақ соларды әртүрлі жазып жұртты шатастырмайықшы
Жуырда ғана халқымыздың біртуар ұлы, жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов есімі берілген көшедегі аңғартпа (аншлаг) жайлы айтсақ. Түу-түуден менмұндалап көрінетін жазуды оқысаңыз, таңғалмасқа шараңыз жоқ. «Айқайлатып» жазып қойған атаудың «біссімілләсі» «Академик» деп басталады. Қайраткер Қаратай ағамызды тек академик деп жаңалық ашқан кім екен? Білсек деп едік. Көшенің қос қапталында «сүйіншілеп» ілінген бұл бағыттаманы біреулер түсінбей қалар дегендей, көше сөзін «улица» деп ресмишелеп, қалған сөздерді сол күйінде қайталап жазып шығыпты. Мейлі-ақ, жалғыз сөз үшін түгел сөйлемді көшіріп жазғандар «Һибатулла Тарази» облыстық мешіті тұсында, яғни, көше басында орнатылған тақтадағы «Бұл көше көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың есімімен аталады» деген жазуға неге көз қырын салмаған?
Суретте: аңғартпаның дұрысы мен бұрысы қайсы? Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




