– Бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына кең мүмкіндік береді. Реформаларды іске асыру барысында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға және тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Барлық бастамалар елдің тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – аталған өзгерістердің мазмұны мен маңызын жанжақты түсіндіру, сондай-ақ қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау арқылы реформаларды тиімді іске асыруға ықпал ету. Айта кету керек, бұл жұмыстарды жүзеге асыруда облыс тұрғындары белс енділік т анытып келеді. Өңір жұртшылығы конституциялық реформалардың мәні мен маңызын терең түсініп, ел болашағына бағытталған бастамаларға жауапкершілікпен қарауда. Қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері мен ардагерлер қауымдастықтары реформаларды қолдап, өз үле стерін қо суда. Алдағы уақытта да облыс тұрғындарының қолдауы мен белсенді қатысуы реформалардың нәтижелі жүзеге асуына берік негіз болады деп сенеміз. Осы ретте Ата Заңға енгізілетін түзетулердің мәні мен мазмұнын өз ортаңызда кеңінен түсіндіруге, азаматтық ұстаным танытуға және қоғамдық қолдауд ы қамтамасыз етуге белсенді түрде атсалысуларыңызды сұраймыз. Бұл – халықтың тікелей еркін білдіретін, егемен елдің демократиялық негіздерін нығайтатын тарихи кезең. Әділетті қоғам мен тұрақты мемлекет құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз, – деді Ербол Қарашөкеев.
Мұнан соң облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Тоқбергенұлы алдағы референдумның тарихи маңызын, сондай-ақ жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Ол өз сөзінде бүгінгі таңда мемлекеттің ішкі тұрақтылығын алдын ала нығайтып, жүйелі реформалар арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету аса маңызды екенін жеткізді.
– Конституция жобасын әзірлеу ашық форматта жүргізілді. Халықты жедел хабардар ету үшін Конституциялық соттың сайтында «Конституциялық реформа 2026» арнайы Telegram арнасы құрылып, реформаның барысы туралы барлық ақпаратты жинау алаңына айналды. E-Otinish және eGov платформалары арқылы азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық бірлестіктерден он екі мыңнан астам ұсыныстар түсті. Конституцияның жаңа редакциясының жобасы халықпен бірге ашық түрде жоғары дәрежеде талқыланып, қойылған сұрақтарға Комиссия отырыстарында, кездесулерде нақты жауаптар беріліп отырды. Ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясының негізгі ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Конституциялық комиссия барлық түскен ұсыныстар мен пікірталастардың нәтиже сінде Конституция мәтініне енгізілетін түзетулердің жинақталған әрі келісілген жобасын дайындады. Ұсынылып отырған жоба – кіріспе және 11 бөлімнен, 96 баптан тұрады. Конституция жобасының негізгі новеллаларының ішінде төмендегілерді атап өтуге болады. Жалпы, 77 бапқа түзету енгізілді, бұл Конституция мәтінінің шамамен 84 пайызын құрайды. Яғни өзгерістер Негізгі заңның барлық бөлімін қамтып отыр. Бұл өзгерістерді жай ғана редакциялық түзетулер деп қарастыруға болмайды. Олар: құқықтық нақтылықты күшейтуге, билік тармақтарының теңгерімін нақтылауға, азаматт ардың құқықтары мен бостандықтарын институционалдық тұрғыда қорғауға, халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталған, – деді А.Нұралиев.
Сондай-ақ кездесуде өңірлік коалиция мүшелері Махметғали Сарыбеков, Батырбек Құлекеев және Гулам Умаров өз пікірлерін ортаға салып, референдум ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығын айшықтайтынына назар аударды. Спикерлердің айтуларынша, Конституция жобасында адам капиталын дамыту, мемлекеттілікті, Тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау басты басымдық ретінде белгіленіп отыр.
Жиын соңында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы Президенттің іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан «халықпен бірге» қағидаты ел азаматтарының мемлекет болашағын айқындау ісіндегі өз рөлін терең сезінуіне мүмкіндік бергенін жеткізіп, жұртшылықты Қуатты, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құру ісіне үлес қосуға шақырды. Атап өту керек, Жамбыл жеріндегі мұндай кездесулер жергілікті жұртшылықтың алдағы референдумға ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




