Қатерлі ісік ауруларын жеңудің жолы табылды

Қатерлі ісік ауруларын жеңудің жолы табылды
ашық дереккөз
Қатерлі ісік ауруларын жеңудің жолы табылды
Дәстүрлі емдеу тиімді емес, ал болашағы бар комбинациялы дәрілердің күшті уытты әсері бар.

Химиотерапия мен сәулелік терапияның тиімсіздігін байқаған Binghamton (АҚШ) университетінің ғалымдары жылыту және мұздату (термиялық абляция) тәсілін пайдалнуға көшкен. Нәтижесінде, бұл әдіс ұйқы безіндегі рак клеткаларын жоюға көмектескен.

Ғалымдардың зерттеуі барысында PANC-1 және BxPC-3 рак клеткаларының үлгілері пайдаланылған. Оларды +45+50 градус температурасына дейін қыздыру немесе -10-20 градусқа дейін мұздату арқылы бір апта көлемінде бақылау жасаған. Осылайша, олардың өміршеңдігі жойылатыны анықталған.

Ұйқы безінің рагы ісік ауруларының ең қауіпті түрлерінің бірі. Шамамен 67 адамның біреуі аталған дертке душар болады екен. Өкінішке қарай, науқастардың 95 пайызы тиімді емнің болмауына байланысты қайтыс болады екен. Өйткені, дәстүрлі емдеу тиімді емес, ал болашағы бар комбинациялы дәрілердің күшті уытты әсері бар.

 

Ұқсас жаңалықтар