Таразда республикалық айтыс өтіп жатыр
Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақ телевизиясының 60 жылдыған арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы өтуде.Сөз бәгесінің ашылу салтанатында"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев сөз сөйлеп, бәйгеге түскелі тұрған ақындарға сәттілік тіледі.
Айтысқа Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Аспанбек Шұғатаев, Қайнар Алагөз, Біржан Байтуов, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Шұғайып Сезімхан, Болатбек Оразбаев, Әсем Ережеқызы сынды елімізге белгілі республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегерлері қатыспақ. Ал, Жамбыл облысының атынан айтыста Айтмұханбет Исақов, Қанат Мырзахан, Нұрлыбек Құрманов, Аруна Керімбек, Рай Дөңбай және Дархан Әбдіманат бақтарын сынайтын болады.
Алдағы уақытта адуынды ақындар айтысының тартымды тұстарын жариялап отыратын боламыз.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді