122 жастағы қазақ әжей ғаламның ең кәрі тұрғыны болып танылды (фото)
- author «Ақ жол»
- 28 ақпан, 2018
- 640
Ресейде тұратын этникалық қазақ әжей Танзиля Бисембеева планетаның ең кәрі тұрғыны деп танылды. Жуырда әжей 122 жасқа толмақ. Бұл туралы "Экспресс К" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Танзиля Бисембеева Астрахань облысы Алча ауылында тұрады. Бір ғасырдан астам ғұмыр сүрсе де, әжейдің жүріс-тұрысы ширақ әрі тың.
Абыз ананың үш ұлы, 10 немересі, 25 шөбересі мен екі шөпшегі бар. Кіші ұлын Танзиля апай 57 жасында өмірге әкелген. Ол 1917 жылғы Қазан төңкерісін, 30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргінді заманы мен Ұлы Отан соғысындағы оқиғаларды жақсы біледі.
Оны жұрт Распутиннен Путинге дейінгі дәуірлерді көрген абыз әжей деп біледі.
Айта кету керек, Танзиля Бисембеева өмірінде бір рет те дәрігерлерге қаралмаған.
Дереккөз: nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




