Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, вице-президент болып қызмет атқарған белгілі журналист Ержұман Смайыл 70 жасында қайтыс болды. Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты. Сондай-ақ Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде редактордың орынбасары; 1987-2003 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бірер ай бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде Ержұман Смайылдың 70 жасқа толғандығы атап өтілген болатын.
Дереккөз: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




