Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев өмірден озды
- author «Ақ жол»
- 27 ақпан, 2018
- 788
Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев 81 жасында өмірден өтті
[gallery td_select_gallery_slide="slide" size="full" ids="61768,61767,61766"]Сұлтанғали Қаратаев 1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1970-80 жылдары Қазақ радиосында шолушы әрі диктор болып жұмыс істеді, сондай-ақ, телевидение саласында да біраз қызмет еткен. Белгілі спорт комментаторы Владимир Толчинскиймен бірге жұмыс істеген.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.
Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.
Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді.
Дереккөз: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




