28 ақпан күні Тараз қаласында республикалық "Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым" атты ақындар айтысы өтеді. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған ақындар аламаны Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналмақ. Елімізге танымал жыр дүлдүлдерінің басын қосқалы отырған айтыс "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.
Айтысқа Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Аспанбек Шұғатаев, Қайнар Алагөз, Біржан Байтуов, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Шұғайып Сезімхан, Болатбек Оразбаев, Әсем Ережеқызы сынды елімізге белгілі республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегерлері қатыспақ. Ал, Жамбыл облысының атынан айтыста Айтмұханбет Исақов, Қанат Мырзахан, Нұрлыбек Құрманов, Аруна Керімбек, Рай Дөңбай және Дархан Әбдіманат бақтарын сынайтын болады.
Қазылар алқасына КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов төрағалық етеді. Айтысты Жүрсін Ерман жүргізеді.
Айтыс "Баласағұн" орталық концерт залында сағат 11:00- де басталады. Келіп, аламан айтысты тамашалаймын деушілерге есік ашық!
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




