Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Елдің кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, бұрқасын болуы ықтимал. Дереккөз: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




