Н. Нұржігітов басқарма басшысы болып тағайындалды

Н. Нұржігітов басқарма басшысы болып тағайындалды
ашық дереккөз
Н. Нұржігітов басқарма басшысы болып тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «23» ақпандағы №46-Ж/Қ өкімімен Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

 width=

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» және 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық - техникалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

1991-1996 жылдары Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозда механик, бас инженер, 1996-2006 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі, 2006-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас иснпекторы, бөлім басшысы, 2011-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2015-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар