Экономика
Жамбылда 58 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2018
- 667
Жамбылда 58 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар
Жыл басындағы санақ бойынша Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мың бірлікті құрап отыр. Олардың жалпы саны 9 пайызға арттқан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында берген есебінде мәлімдеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 285 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 0,7 пайызды құраған.
Екінші деңгейдегі банктер арқылы 26 млрд.теңге несие берілген. «KMF» микронесиелік ұйымы» 19 млрд.теңгеге (43,1 мың несие), ауылдық несиелік серіктестіктер шаруаларды 2 млрд.теңгеге несиелендірген.
Саладағы статистикалық көрсеткіштерге жақсы баға берген А. Мырзахметов шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сапасына да терең талдау жүргізу қажет екенін айтты.
– Бұл ретте, жергілікті жерлерде шағын және орта деңгейдегі қайта өңдейтін кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, кәсіптердің бағыттарын әртараптандыру маңызды. Осы жұмыстарды жүйелендіру үшін өнеркәсіп саласының аймақтық Картасында нақты көрсеткіштер түзіп, оны іске асыруды қазірден бастап қолға алуымыз қажет. Бұл жөнінен тиісті тапсырма берілді. Ендігі жерде, әкімдер мен басқармалардың өндірісті дамытудағы жұмыстары осындай индикаторлар арқылы бағаланатын болады, – деді аймақ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




