Өткен жылы Жамбыл облысында 368 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Нәтижесінде, салада 1,8 пайыз өсім байқалған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында берген есебінде мәлімдеді.
Облыс басшысының айтуы бойынша, аймақта инвестиция 5,5 пайызға көбейген. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 13 млрд. теңге инвестиция тартылған, 10 жоба іске асырылып, 716 жұмыс орны құрылған.
Десе де, өткен жылдың кейбір көрсеткіштерінде өндіріс көлемінің төмендегені байқалған. Мысалы, қант өндірісі 22 пайызға, соның салдарынан тамақ өнімдерінің өндірісі 17 пайызға азайған.
Ал, Амангелді газ өңдеу зауытында нақты көлем индексі 52 пайызды құраған. Бұған ірі өндіріс орындарында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүруі, шикізатты өңдеуге тапсырыстың болмауы себеп болған.
Асқар Исабекұлы сөзінде мұндай жағдайдың алдын алу үшін экономиканың барлық секторында тұрақты бақылау-талдау жүргізілуі керектігін айтты.
– Ол үшін тиісті басқармалар, әкімдер мен кәсіпорындар арасында әріптестік байланысты бір жүйеге салғанымыз дұрыс.
Екіншіден, кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыру қажет, ол үшін мәселелер зерделенуі тиіс.
Кәсіпорындарды қайта жаңғыртып, олардың қуаты мен жүктемесін көтеру бойынша нақты межеленген жоспарлар қабылдау қажет. Жоспар қатаң бақылауда болуы керек. Сол үшін, мамандарды тарта отырып, өнеркәсіп саласының аймақтық Картасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Оған тұрып қалған, жаңғыртуға жататын кәсіпорындар енуі тиіс. Карта өндіріс орындарының паспортын қалыптастыру нәтижесі бойынша әр ауданның экономикалық және ресурстық әлеуетіне негізделген жобаларды қолдауға бағытталатын болады, – деді А. Мырзахметов.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




