Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты аталған басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқауды басқарманың басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз сөйлеп ашып, әр қазақтың жүрегіндегі Мұқағалидың биік болмысына тоқталып, өнер додасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан кейін байқауға қатысушылар ақиық ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылардың шешімімен барлық талапқа сай өнер көрсеткен облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкері Асылай Санатбаева бас жүлдеге лайық деп танылды. Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Мереке Мелдеева мен облыстық халық шығармашылығы орталығының үміткері Айдын Асқарәліге жүлделі бірінші орын бұйырды. Екінші орынды Қайрат Болысбек (облыстық филармония) пен Оля Махиня (облыстық орыс театры) иеленді. Үшінші орынмен Санжар Ботабайбек, Азиза Айнабекова (екеуі де орыс драма театрынан), Балжан Мырзатаева (Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасынан), Альмира Талғатқызы (облыстық қазақ драма теарынан) марапатталды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құрамында ақын Қайырбек Асанов, ТарМУ-дың кафедра меңгерушісі Айгүл Қабиева,ТарМПУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова бар қазылар алқасы марапаттап, өз ойларын білдірді.
«Ақ жол-Ақпарат»
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




