– Бұл Жарлық қалың көпшіліктің жаңа әліпби қалыптастыруға қойған басты талабының үдесінен шыққандығымен аса бағалы. Ол талап – бір дыбысты бір таңбамен белгілеу. Жалпы, негізінен естілгені бойынша жазылуы – алфавит атаулының даусыз артықшылықтарының бірі. Олай ету жазуды да, оқуды да жеңілдетеді, демек, тіл үйренуді де жеңілдетеді. Тілді айқын етеді. Сөзді дәл жаздыртады, дыбысты дәл естіртеді. Жаңа әліпбиден көпшіліктің күткені де осы еді. Халықтың, қалың жұртшылықтың пікірін талай мәрте таразыға тартып, тарихи мәні бар тағдырлы мәселеге барынша байыпты көзқарасты талап еткен, сөйтіп түптің-түбінде барша ел күткен шешімге қолымызды жеткізген Елбасымызға айтар алғысымыз айрықша. Қазақтың «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейтіні де осыдан ғой. Жаңа әліпби – рухымызды жаңғыртудың жарқын жетістігі. Құтты болсын айтамыз барша ағайынға!
Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




