Франция-Швейцария матчында мундиальдiң ең iрi есебi тiркелдi

Франция-Швейцария матчында мундиальдiң ең iрi есебi тiркелдi
ашық дереккөз
Франция-Швейцария матчында мундиальдiң ең iрi есебi тiркелдi
Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде кездескен Франция мен Швейцария биылғы мундиальда ең нәтижелi матчтың авторлары атанды. Ойындағы есеп 5:2 есебiмен Францияның пайдасына шешiлдi. Алғашқы таймда француздар өз қарсыластарына 3 жауапсыз гол салды. Ең бiрiншi Жиру ойынның 17-минутында есеп ашса, бiр минуттан кейiн Матьюиди басымдықты күшейте түстi. Кездесудiң 32-минутында Бензема пенальтиден гол сала алмады. Дегенмен 40-минутта Вальбуэна француздар салған үшiншi голының авторы атанды. Екiншi таймда франциялық футболшы Бензема 67-минутта төртiншi допты қақпаға тоғытты. Ал 74-минутта Сиссоко Бенземаның пасынан кейiн бесiншi допты швейцариялықтардың қақпасына салып кеттi. Алайда Швейцария аяқдопшылары матч соңында намысқа тырысып екi голды қатарынан салды. Бiрiншi 80-минутта Джемаили көзге түссе, алты минуттан соң Джака француздарға екiншi допты қақпаға енгiздi.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар